Прямая трансляция

Астана

Астана

5.21°C

«Ұят жоқ сендерде!». Алматы тұрғыны төбесі тесік автобустан су сорғалағанына шағымданды

Әлеуметтік желі қолданушысы Әсел Кәрім Алматыдағы автобустардың бірінің төбесі тесік екенін, жаңбыр кезінде жолаушыларға су аққанын жазды, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұят жоқ сендерде!». Алматы тұрғыны төбесі тесік автобустан су сорғалағанына шағымданды
Фото: massaget.kz

«Бүгін сағат 16.00-17.00 барахолкадан қайтқанда қатты жауын жауды. Бекеттегі адамдар тоқтаған автобустарға отырды. Өзім де осы автобусқа кіре салғам. Даладағы жаңбыр бір бөлек, ал енді қызықтың бәрі автобустың ішінде. Шатырынан су сорғалап аққанда, далада үстім су болғаны аздай басымнан бастап төбемнен су құйылды. Ойбуй, не боп қалды, деп өзім түсінбей, шошып кеттім. Қарасам автобустың жартысы солай суы сорғалап тұр. Киімде сау жер қалмады. Отыратын орындықтар, басқа адамдар да су. Мына кісілер қолшатырларын ашып осылай отырды», деп жазған ол желіде.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдай күзде қайталанса, тіпті қиын болатынын жеткізген.

«Мәссаған, ішім күйіп, бұл жердің асты да, үсті де неше-түрлі қазбаларға толы, бай мемлекетте. Алматы әкімшілік, қандайсыңдар сендер? Ұят жоқ сендерде! Бастарыңда откат пен шапка...
Шатыры бүтін, су ақпайтын автобус алсаңдар қайтеді? Саусақтарың тиген жерде жемейсіңдер емес жейсіңдер. Бүгін жаз айы, бірақ салқын жаңбыр жауды. Біз жаурадық. Күзде тіпті суық болады. Далада жаңбыр жауса, автобуста төбемізден су ақса, оңай емес», дейді ол. 

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды