Прямая трансляция

Астана

Астана

4.16°C

Семейде жалақыларын ала алмай жүрген автобус жүргізушілері шу шығарды

Автопарк жұмысшыларының сөзіне қарағанда, зейнетке шығуына бір жыл қалған әріптестерінің бірі қарызы үшін өзіне қол жұмсаған.

Семейде жалақыларын ала алмай жүрген автобус жүргізушілері шу шығарды
фото: дереккөз

Бүгін Семейде Semey Bus автопаркінің жүргізушілері жалақының кешіктірілуіне байланысты жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлады paryz.kz, centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Автопарк алдына жиналған ондаған адам қараша айының жалақысын әлі алмағанын айтты. Кейбірі қазан айының жалақысы да қолына тимегеніне шағымданды.

Күзде әкімнің өзі жалақы мәселесі шешіледі, уақытында беріледі деп уәде еткен. «Бір ай істедік, мәселе қайта басталды», - дейді автопарк жұмысшылары. Айтуларынша, жұмыс беруші олардың зейнетақы мен міндетті медициналық сақтандыру жарнасын да құймаған.

"Мен қан қысымы бойынша есепте тұрмын. Соңғы 3 айда система алуға тиіспін. Осыған дейін екі рет емделдім, бәрі ойдағыдай болатын. Енді осы жолы барсам, медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген деп айтты. Кәсіпорынға келсем, қараша мен желтоқсан айының жарнасын төлеу туралы өтініш жазыңыз, екі күнде шешіп береміз дейді. Екі күн күттім, жарна әлі төленбеді", - дейді жүргізуші Қажыұлы Салықбаев.

Автопарк жұмысшыларының сөзіне қарағанда, зейнетке шығуына бір жыл қалған әріптестерінің бірі қарызы үшін өзіне қол жұмсаған.

"Күзде өзіне қол жұмсады. Автобуста ажыратып-қосқыш бар. Таңертең автобус толы болған кезде біреудің аяғы тиіп кетсе, істемей қалады. Соның салдарынан есік дұрыс жабылмай, адамдардың автобустан құлап кетуі оңай. Сондай бір жағдайдан кейін көлік апаты болып, сол жүргізушінің үстінен 2 миллион теңгелік шағым түскен. Оның зейнетке шығуына 10 ай қалған еді. Шыдамай, өзіне қол жұмсады", - дейді Қажыұлы Салықбаев.

Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 6:30 шамасында наразы жұмысшылардың алдына диспетчер шықты. Ол кәсіпорынның қаржы жағдайы ауыр екенін айтты.

"Мамандар жұмыстан кетіп жатыр. Қосалқы бөлшек жетіспейді, жалақы төлейтін ақша жоқ. Бүгін кәсіпорын басшылығы мәселені шешу үшін Өскемен қаласына, облыс әкіміне кетті. Бүгін-ертең зейнеткерлер, мүгедектерге ақша төлеу үшін 90 млн теңге көлемінде дотация аударылуы тиіс", - деді диспетчер.

Ол наразыларға осыған дейін басшылық қатысқан жиналыста не болғанын айтып берді. Камераны өшіріп, өзін жазбауды сұрады.

Жұмысшылардың айтуынша, қазір кәсіпорынның есепшоты сақтандыру компаниясымен сот дауына байланысты бұғатталған. Бұған қоса, автопарк Семей қаласының мемлекеттік кіріс жөніндегі басқарма үстінен 8 шағым түсірген. Semey Bus соттан 20 қазанда жүргізілген камералық бақылау нәтижесін жарамсыз деп тануды сұрап отыр.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды