Прямая трансляция

Астана

Астана

-19.03°C

Петропавлда мас адам полицейді ұрып, қашып кетті (ВИДЕО)

Алайда ер адам алысқа ұзай алмады. Тәртіп сақшылары қайта ұстап үлгерген.

Петропавлда мас адам полицейді ұрып, қашып кетті (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Петропавл қаласының тұрғыны мас халде полицейге шабуыл жасап, одан қашып кеткен. Қашпас бұрын мас адам полиция қызметкерінің қалпағын қағып үлгерген, деп хабарлады paryz.kzПетропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерімен төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Кадрлардан азаматтық киімдегі ер адам форма киген адамды ұрып, басынан қалпағын қағып жібергенін көруге болады. Полиция қызметкері азаматты тыныштандыруға тырысады. Алайда мас тұрғын сыртқы киімін лақтырып, қашып үлгерді.

Басылым мәліметінше, оқиға 10 желтоқсанда кешке "Северный" үй шаруашылығы ауданында болған. Петропавл қаласы Полиция басқармасындағылардың хабарлауынша, патруль кезінде тәртіп сақшылары 29 жастағы азаматты тоқтатқан. Оның қоғамдық орында мас халде болғаны атап өтілген. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, жасырынбақ болған. Алайда ер адам алысқа қаша алмады. Тәртіп сақшылары қайта ұстап үлгерген.

"Құқық бұзушы ұсталды. Полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау дерегі бойынша материал Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 667-бабы бойынша жиналды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберіледі", - деді ведомство қызметкерлері.

Жоғарыда аталған бапқа сәйкес, бұзақыға 55 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 5 тәулікке қамауға алынады.