Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шымкентте 42 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

Шымкентте өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 42 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылды
фото: Polisia.kz

7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.​

Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын, 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады. Алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған.  

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.