Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шариғат бойынша пара беруге болады – имам

Белгілі имам Қабылбек Әліпбайұлы шариғат бойынша қандай жағдайда пара беруге болатынын айтты деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Шариғат бойынша пара беруге болады – имам
фото: islam.kz

Пара беруге болатын бір-ақ орын бар.Өзің адал еңбегіңмен мамандығың бойынша жұмыс істеп жатырсың. Бірақ сол кәсіптің басшысы пара сұрайды. Егер сен оны бермесең «Сен айып етпе, бауырым. Бір кісі келді. Орныңды босатасың онда. Осыны бересің» дейді. Шариғат сол кезде осыған ғана рұқсат етеді. Өз орныңды сақтап қалуың үшін пара беруге болады. Отбасымызды бағу біздің міндетіміз ғой. Жұмыс істеу керек. Әйел, бала-шағаны бағу керек. Бірақ пара берген кезде біз мұқтаждықпен береміз. Бергісі келіп тұрған жоқ. Оның ақшасын үстемділікпен алып жатыр. Шариғат осы жерде ғана рұқсат етеді. Адам осындай тығырыққа тірелген кезде бере бер, бауырым. Сен күнәһар емессің. Күнәһар кім болады? Анау адам болады – дейді Қабылбек имам.