Прямая трансляция

Астана

Астана

3.85°C

Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде әйеліне пышақ сұққан

Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде әйеліне пышақ сұққан
фото: ашық дереккөзден

Полицияға отбасында болған қанды драма туралы хабарлама 20 желтоқсанда шамамен сағат 06.55-те келді. Оқиға туралы Құқық қорғау органдарына шақыру бойынша келген жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлады: медицина қызметкерінің айтуынша, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне кеуде аймағына салынған пышақ жарақатымен 30 жастағы әйел жеткізілген. Жәбірленушінің мекенжайын біліп, оқиға орнына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді.

Материалдарды бастапқы жинау кезінде әйелге жараны оның жұбайы жасағаны анықталды. Өзі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктінің белгілерімен бағдарлау дереу патрульдік полиция батальонының барлық жасақтарына берілді. 2 сағаттан өткен соң 26 жастағы ер адамды ППБ экипажы ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді.

Сондай-ақ, оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер қылмыс құралы – ас үй пышағын тауып, тәркіледі. Ұсталған адамның айғақтарынан оқиға болған түні жұбайы екеуі арасында ауызша жанжал болғаны, ер адам сол кеште алкоголь ішкені белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторын қамалды.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды