Прямая трансляция

Астана

Астана

5.21°C

БҚО-да 3 жасар қыз операциядан кейін көз жұмды

Оқиға демалыс күні болғандықтан, шақыртқан дәрігерлер уақытында келмеген

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды, - деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

БҚО-да 3 жасар қыз операциядан кейін көз жұмды
Фото: orda.kz

Келіншектің айтуынша, бүлдіршін тамағына жасалған операциядан кейін қараусыз қалып көз жұмған.

Анасы қызынан «Даун синдромы» анықталғанымен, ауытқушылық болмағанын айтады. Үш жасар Айназға дәрігерлер ота жасап, тамағындағы қабынған безді сәтті алып тастайды. 

«Реанимациядан бір медбике шақырады. Ол медбике келіп, балаға катетер қоя алмайды. Баланың қолы мұздай бастаған кезде екінші медбикені шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, бірден дәрігер шақырыңыздар, бала ауыр халде, қиналып демікпе болып жатыр, ешқандай катетерді сала алмаймын, реанимацияға апарыңыздар деп кетіп қалады. Бірақ оған құлақ аспаған бірінші медбике катетерді салғызды», - дейді сәбидің анасы Айдана Мұхамбетиярова.

Оқиға демалыс күні болғандықтан, шақыртқан дәрігерлер уақытында келмеген. 12 сағат бойы осылай қиналған сәби әбден әлсірегенде ғана мамандар көмек көрсетуге асыққан.

«Дәрігер кешкісін бала қиналып жатқан уақытта келді. Бала өлім аузында еді. Пульсін қарағанда бір-біріне ымдап бірдеме айтты. Кейін апа, қызыңыздан айырылып қалдық, иманды болсын деді. Дәрігерлердің салғырттығы бәрі. Отадан кейін қызыма дұрыс қарамады», - дейді Айдана Мұхамбетиярова.

Ал дәрігерлер бүлдіршінді операцияға дайындау кезінде денсаулығынан кінәрат табылмағанын айтады. Одан кейін де жағдайын қадағалап отырдық дейді.

«Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсірегесін, жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін жүрегінде ақау бары, пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді әрі кез келген ота - тәуекелге толы іс. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын", - дейді отоларинголог дәрігер Орынбек Жұбанов.

Бүгінде полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Яғни, дәрігерлердің кәсiби мiндетiн қаншалықты талапқа сай атқарғанын тексереді. Осыдан кейін ата-анасы заң органдарына жүгінбек.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды