Прямая трансляция

Астана

Астана

2.94°C

Арман Дәулетияров анасы қайтыс болғаннан кейін әкесінің үйін мешітке берді

Медиаменеджер, ұлттық музыкалық «Муз-ТВ» арнасының бұрынғы бас директоры Арман Дәулетияров өзі туып-өскен әкесінің үйін мешіт ретінде пайдалануға беретінін айтты.

Арман Дәулетияров анасы қайтыс болғаннан кейін әкесінің үйін мешітке берді
Фото: видеодан скриншот

«Бұл біздің ата-бабамыздың қонысы деп айтуға болады. Мен осы аулада туып-өстім. Ескі үйімізді бұзып, анама үлкен үй салып бердім, оның ішінде барлық жағдай жасалған, моншасы, жазғы асханасы бар, ауласы кең. Мұнда ол өзінің соңғы жылдарын өткізді», – деп жазды продюсер.

Арман Дәулетияров бұл үй Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігіне берілгенін хабарлады.

«Бұл ғимарат Айман Дәулетиярова атындағы мешіт болады. Мұнда кез келген адам намаз оқи алады, сонымен қатар дін ұстаздары балаларға Құран мен Ислам негіздерін үйретеді. Біздің ауылда да, оның маңайында да мешіт жоқ, бұл мешіттің халыққа пайдасы зор», – деп сендірді ол.

Медиаменеджердің айтуынша, ол бұл мәселені көзі тірісінде анасымен келісіп алған, анасы мұндай ұсынысқа қуана келіскен.

«Біз бақытты өмір сүрген үйіміз менен кейін адамдардың игілігі үшін қызмет ететіні қандай жақсы», – деді ол қуаныштан көзіне жас алып маған» деп еске алады медиамаман.

Сонымен қатар продюсер анасының жылдық асына дейін  аулаға мұнара салуды жоспарлап отыр.

«Мешіттің есігі барлығына ашық болады. Мен отбасыммен осы мешітке жиі келетін боламын. Сондықтан жақын жерде болсаңыз, міндетті түрде тоқтаңыз. Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Тамаруткул ауылы», – деді ол.

Еске салайық, биыл 13 шілдеде Арман Дәулетияров анасының қайтыс болғанын хабарлап, оның өлімінен бір сағат бұрын онымен телефон арқылы сөйлескенін айтқан болатын.

Бұған дейін Muz TV арнасының экс-бас директорының қасиетті қалаға қажылыққа барғаны хабарланған болатын.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды