Прямая трансляция

Астана

Астана

4.02°C

Коронавирус: Елімізде аналар өлімі көбейген

Бүгінде 3 жүкті ананың халі нашар дейді орталық мамандары.

Коронавирус: Елімізде аналар өлімі көбейген
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы paryz.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

Елімізде өткен жылға қарағанда ана өлімі көбейген. Мұның негізгі себебі келіншектердің коронавирус жұқтырып алуында. Мәселен, былтыр 8 айда 36 әйел қайтыс болса, осы жылдың қаңтар-тамызында 131 келіншек бақиға аттанған. Қайғылы жағдайлардың көбі Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Шымкентте болған. Марқұм болған әйелдердің 40-ы коронавирустың құрбаны екен.

«Осы жылдың 3-тоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ана өлімі де артты. Бүгінде жағдай тұрақты. Соңғы екі айда коронавирус инфекциясынан жүкті әйел қайтыс болған жоқ» деп хабарланды. 

Ана өлімінің көбеюі президенті де алаңдатып отыр. Жуырдағы жиында Мемлекет басшысы бұл фактілердің әрқайсысын тексеруді тапсырған болатын. Ал жалпы пандемия басталғалы 5423 әйел ковид жұқтырыпты. Бүгінде олардың 97 пайызы құлан таза айыққан. Ал жағымсыз статистиканы шығыс өңірі бастап тұр.

«Өңір бойынша 180 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Бұл - пандемия басталғалы бері есептегендегі көрсеткіш. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста жаңа туған 14 нәрестенің ПТР-тест нәтижесісі оң болып шықты. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, барлық тексерулер нәрестенің дүниеге келген алғашқы күнінде жасалады», - деді ШҚО ДСБ өкілі.

Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін «Ахуалдық акушерлік орталық» ашылған. Онда тәулік бойы жағдайы ауыр келіншектерге көмек көрсетіледі. Бүгінде 3 жүкті ананың халі нашар дейді орталық мамандары.

«Осы 10 күн бойында біз 210 ұшақпен 210 көмек көрсеттік. 258-І медициналық. Оның ішінде 488 акушерлік, ауырып жатқан екі қабат әйелдерге 488 әйел. Біреуінің жағдайы қатты ауыр. Екеуінің жағдайы ауыр хәлде десе де болады, қалыпты жағдайда», - деді Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы төрағасының орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев. 

Елдегі эпиджағдайға қарамастан, бэбибумның оң серпіні байқалады. Мәселен, биыл бала туу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан. Нәтижесінде дүниеге келген сәбилердің саны былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көбейіпті. 

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды