Прямая трансляция

Астана

Астана

4.58°C

Павлодарда екі кішкентай баласын ұрып-соққан ер азамат түрмеге қамалмақ

Әйелі жұмыстан келгенде күйеуі үйде болмаған екен.

Павлодарда екі кішкентай баласын ұрып-соққан ер азамат түрмеге қамалмақ
фото: ашық дереккөз

Павлодарда әкесі жазалаған балалар ауруханаға түсткен деп хабарлайды Paryz.kz.

Оқиға биыл қазан айында болған. 7 жасар қызы мен 6 жасар ұлымен үйде отырғанда әкесі балаларын тыңдамағаны үшін соққыға жыққан. Айтуынша, балалар қатты құтырып, балконға шығып, ескертулеріне құлақ аспаған. Содан кейін әкесі оларды күшпен тыныштандырмақ болған. Осылайша, ұлының екі тісін тындырып жіберген.

Жараланған, жылап отырған бүлдіршіндерді 36 жастағы әйел тапқан. Әйелі жұмыстан келгенде күйеуі үйде болмаған екен. Ол бірден полиция және жедел жәрдем шақырған.

Екі бала да Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологиясына түсті. 2014 жылғы қыз бала жұмсақ тіндердің, оң жақ жауырынның, жабық бас сүйек-ми жарақатымен және ми шайқалуымен жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызудан және стационарлық емдеуден бас тартылған, – деп хабарлады өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Ведомствоның хабарлауынша, екінші баланың ерні жарақатталып, тісін жұлдыруға тура келген.

Балаларға қатыгездік жасағаны үшін әкесі қылмыстық жауапқа тартылады. Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, павлодарлыққа қатысты ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі ("Ата-ананың қатыгездік танытуымен байланысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды