Прямая трансляция

Астана

Астана

4.63°C

Кенесары ханның бассүйегін елге жеткізу жұмыстары әлі қарастырылып жатыр екен

Сонымен қатар ол бұл Кенесарының бассүйегін қайтару процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын айтты.

Кенесары ханның бассүйегін елге жеткізу жұмыстары әлі қарастырылып жатыр екен
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы елордада өтіп жатқан конференцияда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ол "Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында" конференциясында Кенесары ханның бассүйегін қайтару мәселесіне байланысты пікір білдірді.

Бұл істі аяғына дейін жеткізу керек. Қазір жан-жақты зерттеліп жатыр. Бұл - өте дұрыс бағыт. Алайда мұндай тарихи қадамды асығыс жасауға болмайды. Бізде одан басқа да шетелде артефактілеріміз бар. Мәселен, Берік Әбдіғалиұлымен Петербургке барғанда Кенесары ханның белбеуіне куә болдық. Оның мылтығы Омбы музейінде тұр. Екі жақты кездесу жүргізіп, мұндай қасиетті құндылықтарды елімізге әкелуге мүмкіншілік бар, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол бұл Кенесарының бассүйегін қайтару процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын айтты.

Бұл - бір күндік дүние емес. Қазіргі уақытта бұл мәселе қаралып жатыр. Айта кетейін, мұндай қадамды жасап жатқан тек біздің ел. Кейкі батырдың бассүйегін алып келгенде ол тізім ішінде басқа мемлекеттердің де батырларының бассүйектері болды. Оны қайтарам деп жүрген басқа ел жоқ. Біздің еліміз бұл тұрғыда ерекше, өз құндылығын қастерлейді, - деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды