Прямая трансляция

Астана

Астана

4.58°C

"Бүйрегі жоқ балалардың мәйіттері табылды": Желіде тараған ақпарат жұрттың жағасын ұстатты

Қазақстанда БАҚ мұндай сұмдық жағдай туралы хабарламаған.

"Бүйрегі жоқ балалардың мәйіттері табылды": Желіде тараған ақпарат жұрттың жағасын ұстатты
фото: ашық дереккөз

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде 17 жастағы екі жасөспірім хабар-ошарсыз кетіп, кейіннен олардың денелері бүйрегі алынған күйде табылғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Paryz.kz, StopFake.kz порталына сілтеме жасап. 

фейк

Біріншіден, хабарламаның құрылымына назар аударған жөн. Автор оқиға "менің қаламда" орын алды деп айтады, бірақ елді мекенді, елді атамайды. Сондай-ақ оның қай күні, қай айда, қай жылы болғаны да көрсетілмеген. Одан әрі автор денелерді алғаш тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын жазады. Алайда кейіннен жасөспірімдердің бүйрегі алынғаны анықталған. Денені тексерген мамандар неліктен үлкен жараларды зорлық-зомбылықтың белгісі деп таппағаны туралы айтылмайды.

Оқиғаның болған орны мен уақыты сияқты нақты фактілердің болмауы көбіне фейк ақпараттардың белгісі болып табылады. Желіден басты сөздер бойынша іздеу еш нәтиже бермеді, демек, Қазақстанда БАҚ мұндай сұмдық жағдай туралы хабарламаған.

Дегенмен, бұған ұқсас хабарламалар көп. Мысалы, 2018 жылы әлеуметтік желінің ресейлік сегментінде жолдың жиегінен 6 жастан 8 жасқа дейінгі екі қыздың денелері табылғаны туралы әңгімелер тараған. Тексеру кезінде балалардың бүйрегі алынғаны анықталды. Кейіннен ІІМ елде мұндай жағдай болған жоқ, бұл хабарламалар фейк деп мәлімдеді.

Сол жылы осы сияқты ақпарат Үндістанда да болған. Онда ел бойынша органдары алынған балалардың денелері табылып жатыр деп айтылды. Мұндай хабарламалардың ешқайсысы расталған жоқ.

Демек, қазақстандық чаттарда балаларды ұрлап, органдарын "қара" нарықта сату үшін өлтіретіні туралы хабарламалар фейк. Мұндай хабарламалар 2018 жылы әртүрлі елдерде тарады, бірақ іс жүзінде мұндай оқиғалар болмаған.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды