Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталған ресейлік танымал рэпер Navai қамаудан босатылып, елден шығарылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады. Рэперге қатысты қылмыстық іс заңнама талаптарына сәйкес тоқтатылған.
"Құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескеріліп, іс тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы бекітті", – деп хабарлады полиция.
Ведомствоның мәліметінше, шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған.