Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Құрылтай Төрағасы Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті

Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Құрылтай Төрағасы Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті
Фооо: Қазақстан Республикасының Құрылтайының баспасөз қызметі

Айбек Дәдебай әріптесін Қырғызстан тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, қонақжайлық танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Қырғызстан Парламентімен екіжақты байланысты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңес, достық тобы және салалық комитеттер арқылы одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.

9be199f3-9ae3-4b99-8401-245012ccc9c3.jpeg

Құрылтай Төрағасының айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бұл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартта көрініс тапқан.

«Бүгінгі мақсатымыз – Президенттеріміздің уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету», – деді Айбек Дәдебай.

1ec872cf-71bf-4160-acf2-d879df3e3cd9.jpeg
Кездесу барысында ол Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Жаңа Халықтық Конституцияға сәйкес, бір палаталы Құрылтай, Вице-президент институты және консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды.

Өз кезегінде Марлен Маматалиев екі ел басшыларының екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара түсіністігі мен табысты ынтымақтастығын атап өтті. Ол Қазақстанда жүргізілген реформаларға қатысты қазақстандықтарды құттықтап, Құрылтай депутаттарына табыс тіледі.

eb526830-51ce-46ac-bf93-d341f25373f3.jpeg

Тараптар заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасуды кеңейту, парламентаралық ұйымдар мен халықаралық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар музыка, театр, кино және спорт салаларын қамтитын мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға назар аударылды.