Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды paryz.kz.
Отандасымыз J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық қарсыласынан басым түсті.
Нұрмаханұлы 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2026 жылы пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.