Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың атап өтуінше, осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
Айта кетейік, Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шпагашылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.