Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Алматы қаласының Бостандық ауданында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды
Фото: istockphoto.com

Күдікті 41 жаста, ол дәрігер есебінде тұрған.

"Күдікті – психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.

Кісі өлтіру дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.