Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Бетіне басамыз, қазақтар қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

Бүгін Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақ боксшылары жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Алайда отандасымыз Назым Қызайбай финалда үндістандық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бетіне басамыз, қазақтар қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
Фото: instagram.com/aslan.kazhenov

Ал танымал спорт журналисі Аслан Қаженов қазақстандық спортшыға кедергі болған төрешінің кім екенін ашық жариялады.

«Назым Қызайбайды ұтып тұрған жерінен барлық раундта тоғыз баллдан қойып, алтын жүлдесінен айырған түрік төреші осы. Аты-жөні - Davut Kanuni. Артынша Айбек Оралбайға да барлық раундқа тоғыз балл қойды. Инста аккаунты жоқ екен. Десе де осылай суретін салып қояйын. Білсін, қазақ елі бұндай қастандықты ұмытпайтынын. Түбі кездесеміз! Бетіне басамыз!», - деп жазды ол.