Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын өлтіріп кетті

Бүгін түнде Астанада Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Ол 1990-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарған. Полицияның мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылған, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын өлтіріп кетті
Фото: gov.kz

Алдын ала деректерге сәйкес, бұрыннан таныс екі ер адам арасында сөз таласы туындап, жанжал төбелеске ұласқан. 

«Салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімет берді полиция.