Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, - деп хабарлайды Paryz.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға туралы ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растаған. Ведомство өкілдері 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.
"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған", – делінген хабарламада.
Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны нақтыланды.