Прямая трансляция

Астана

Астана

16.44°C

Тұтқын темір тордың арасынан қашып кетті

Бразилияның Флорианополис қаласында 39 жастағы тұтқын полиция бөліміндегі камерадан қашып кеткен. Ер адам темір тордың арасындағы өте тар саңылаудан өтіп, ғимараттан шығып үлгерген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тұтқын темір тордың арасынан қашып кетті
Фото: pixabay.com

Тұтқынның қашып кеткен сәтін бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Кадрларда оның тор арасындағы саңылаудан өтіп кеткені көрінеді.

Оқиғадан кейін полиция камераны уақытша жауып, жөндеуге жіберді. Қазір қашып кеткен тұтқынды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.