Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

АҚШ-тағы жантүршігерлік әуе апаты: тоғыз адам мерт болды

АҚШ-тың Флорида штатында жеке ұшақ тұрғын ауданға құлап, борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі (FAA) мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

АҚШ-тағы жантүршігерлік әуе апаты: тоғыз адам мерт болды
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі Техас штатындағы Остин-Бергстром халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Багам аралдарындағы Норт-Элеутера әуежайына бағыт алған. Бортта тоғыз адам болған.

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи әуе апатын қайғылы оқиға деп атап, ұшақтағы тоғыз адамның барлығы көз жұмғанын растады. 

Оқиға орнында өрт шығып, ұшақ құлаған маңдағы жолдар уақытша жабылған. Билік өкілдерінің мәліметінше, жердегі адамдардың қаза тапқаны немесе зардап шеккені туралы ақпарат түспеген.

Қазіргі уақытта апаттың себептері белгісіз. Тергеу жұмыстарын АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) Федералды авиация әкімшілігімен бірлесіп жүргізеді.