Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Стамбұлдағы қазақ қызының өлімі: Түрік әйелдері наразылыққа шықты

Түркияның Стамбұл қаласындағы қазақстандық қыздың өлімі жергілікті әйелдердің бас көтеруіне себеп болды. Қыз-келіншектер 26 жастағы Айсұлу Бекмаханова биіктен құлаған көшеге жиналды, деп хабарлайды paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Стамбұлдағы қазақ қызының өлімі: Түрік әйелдері наразылыққа шықты
Фото: видиодан скриншот

Олар отандасымыздың өлімі жан-жақты тергеліп, кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етті әрі бұл өз-өзіне қол жұмсау еместігіне сенімді. Әйелдердің құқығы тапталмаса, дейді жиналғандар.

Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. Алдын ала мәлімет бойынша отандасымыз көрші ғимараттың төбесіне балкон арқылы көтерілген. Тіпті оның биікте отырған соңғы фотосы да тарады. Кейін көрші үйдің шатырына өтпек болған кезде төменге құлауы мүмкін.

Айсұлу оқиға орнында көз жұмған. Осыдан соң онымен бірге тұрған ресейлік қыз және сүйіктісі ұсталған. Олардан жауап алынған соң, елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.