Әнші әрі депутат Аша Матай депутаттыққа кандидат болғаннан кейін өзіне айтылған сынның ауыр тигенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне қатысты пікірлерді жүрегіне жақын қабылдағанын жасырмады.
Оның айтуынша, сол кезеңде психологиялық тұрғыдан қиындық көріп, ұйқысы мен тәбеті бұзылған.
«Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік, өнер адамымын ғой. Жылаған күндер де болды. Бәрі артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей болдым», – деді Аша Матай.