Прямая трансляция

Астана

Астана

22.26°C

«Бұл – ана жүрегі үшін ерекше сәт»: Алтынай Жорабаева қызының сырға салу рәсімінен жүрекжарды жазба жариялады

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Айарудың сырға салу және құдалармен таныстыру рәсімінен әсерлі видеолар жариялап, ақ тілегін жеткізді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бұл – ана жүрегі үшін ерекше сәт»: Алтынай Жорабаева қызының сырға салу рәсімінен жүрекжарды жазба жариялады
Коллаж: paryz.kz

Өнер иесі алдымен жаңа құдаларына есік-төр көрсеткенін айтып, бұл күнге жеткізген Жаратқанға шүкіршілік етті.

"Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!", – деп жазды әнші.

Кейін Алтынай Жорабаева қызы Айаруды құдаларына көрсетіп, болашақ күйеу баласына төс тарту дәстүрі орындалғанын жеткізді. 

"Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін", – деді ол.

Сондай-ақ әнші қызының сырға салу рәсімі өткенін айтып, ана жүрегі үшін бұл ерекше сәт екенін жасырмады.

"Міне, Аллаға шүкір, қызым сырғалым атанды. Бұл – ана жүрегі үшін ерекше сәт. Алла екі жасқа татулық, береке, ұзақ ғұмыр мен иманды ұрпақ нәсіп етсін", – деп жазды Алтынай Жорабаева.