Прямая трансляция

Астана

Астана

26.2°C

«Кешке үйде ұлы ойбай басталатын»: Гүлнұр Оразымбетова өткенін еске алды

Әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағынан қызықты естелігімен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Кешке үйде ұлы ойбай басталатын»: Гүлнұр Оразымбетова өткенін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, бала кезінде велосипед тебуді ерекше жақсы көрген. Алайда анасы оның бұл әуестігіне жиі реніш білдіретін болған. "Бала кезімде велосипед айдап, ауылдың көшесінің шаңын шығаратын едім. Кешке үйде ұлы ойбай басталатын.

"Қыз бала велосипед тепкен не бәле? Үйіңді жинап, сыпырмайсың ба? Тағы да велосипедпен кетіп қалдың ба?" деп ұрысатын", – деп жазды әнші.

Гүлнұр Оразымбетова бүгінде велосипедті де, көлік жүргізуді де меңгермегенін әзілмен жеткізді.

"Сөйткен Гүлнұр қазір велосипедті де, көлікті де жүргізе алмайды. Әке-шешеме осыны айтып, бір күліп алдық. "Неге тәпішкемен сонша ұрдым екен?" деп анамның өзі де күліп айтты", – деп бөлісті ол.

Жазба соңында әнші оқырмандарына осындай қызықты естеліктердің өз өмірлерінде болған-болмағанын сұрады.