Жақында өзінен 15 жас кіші арумен шаңырақ көтерген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде жұбайының жүкті екені туралы тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі Instagram-дағы Stories бөлімінде Threads желісінде өз отбасына қатысты тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіріп, әзірге мұндай қуанышты жаңалықтың жоқ екенін айтты.
«Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын», – деп жазды әнші.