Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Мансұртайымға арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол отбасы үшін қуанышты жаңалықпен бөлісті. Белгілі болғандай, Мансұртайым Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін тәмамдаған.
«Бәріміз қуанып жатырмыз. Құтты болсын, ботақаным! Өз ісіңнің шебері бол. Осы уақытқа дейін үлкен тәжірибе жинадың, әлемдік сахналарда өнер көрсеттің, түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, мықты музыканттармен бірге жұмыс істедің. Алғашқы шығармаларыңды жазып, бірнеше аспапты меңгердің», — деп жазды Света Айтбаева.
Сондай-ақ ол ұлының шығармашылық жолына үлес қосқан ұстаздарына алғыс айтып, ақ тілегін жеткізді.