Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ортақ балалары болмаған»: Психолог Дариға Бадықованың ажырасу себептеріне тоқталды

Психолог, тетахилинг Мәдина Абдет танымал актриса Дариға Бадықованың ажырасу туралы сөз қозғап, өнер иесіне талдау жасады, - деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Ортақ балалары болмаған»: Психолог Дариға Бадықованың ажырасу себептеріне тоқталды
фото: әлеуметтік желіден

Маман Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаев үшін ажырасты ма дегенге жауап бере кетті.

"Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бірге жүрген видеолары көп тарап жүр. Олар бірлесіп киноға түсті. Жасаған дүниелері сәтті шығып, қызығушылық көп болды. Сондықтан жұртшылық олардың ажырасуына Олжас Абай себепкер деп жатады. Басқалары болса, Дариға мен Дарханның ортақ баласы болмағанын алға тартады. Маман ретінде айтарым: Дариғада "кеш ашылу" энергиясы бар. Алдымен өмір сынақтарынан өтеді, кейін ғана сахнаға шынайы қабілетімен шығады. Бұрынғы күйеуімен тұрған кезде ол тұншыққан, "өзі емес" күйінде болған. Сондықтан бұл некенің бұзылуы жанның босап, шынайы миссиясына оралуы үшін қажетті қадам болған. Балалы болмауы жазаланғандықтан емес, кармалық дайындықтың болмауынан.Оның жанына "баладан бұрын өзін табу" бағдарламасы жазылған", - деді психолог.