Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Екі жаққа кеткенбіз»: Жігер Ауыпбаев отбасына қатысты шындығын айтты

Эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Өнер иесі бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен ажырасып кеткенін жеткізді.

«Екі жаққа кеткенбіз»: Жігер Ауыпбаев отбасына қатысты шындығын айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой.

«Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр», – деді әнші.