Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Коуч сымақтардың кесірінен болды»: «Меломен» тобының әншісі әйелінің мәлімдемесіне жауап берді

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің ұрған сәтінен видео жариялаған болатын. Топтың мүшесі бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyg Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Коуч сымақтардың кесірінен болды»: «Меломен» тобының әншісі әйелінің мәлімдемесіне жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

«Кешегі желіде тарап жатқан видеоға қатысты айтайын: мен 3 бала тәрбиелеп отырған адаммын. Екі қыз, бір ұлым бар. Бұрынғы әйеліммен күзде ажырасқанымызға 2 жыл болады. Бір видео салыпты, сол видеоға қатысты ойымды емес, бар шындықты айтамын. Өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Зорлық-зомбылыққа әйел де, ер де, бүкіл әлем қарсы. Өзім де екі қыз тәрбиелеп отырмын. Ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адам едім. Оқиға былай болған еді: мен көліктің рулінде отырдым, бұрынғы келіншегім жанымда отырды. Бір кезде ұрыс басталып, «истерика» жасай бастады. Тоқтат, қой деп, ашумен қолымды сілтеп қалдым. Мұрнына саусағым тиген соң, мұрны қанап кетті. Жұдырығым тиген жоқ», - дейді ол.

Ғабит Бибасұлы оқиғадан кейін мешітке кірген кезде, бұрынғы жұбайы видео түсіріп алғанын айтады.

«3,5 жыл бұрын болған оқиға. Ол видеоны түсіріп алғанын да білмеймін. Кейін үйге бармаймын деген соң, өзінің онлайн дүкенінің қасына тастап кеттім. Кейін ол мұрны ауырып, клиникада екенін айтты. Менің балдызым бірге жүр. Сол жерде балдызымнан кешірім сұрап жүрмін, ұят-ай. Оқыс оқиға болды, мен ұрған жоқпын. Бірақ қолым тигені рас. Одан кейін бір-бірімізден кешірім сұрап, жақсы өмір сүріп кеттік», - дейді ол.