Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Бүгін қазақтың «Ақбаяны» Мәдина Ералиеваның өмірден өткеніне 26 жыл

Бүгін – қазақтың күміс көмей әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның өмірден өткен күні. Өнер иесі осыдан 26 жыл бұрын, 2000 жылғы 27 қарашада жол апатынан қаза тапты.

Бүгін қазақтың «Ақбаяны» Мәдина Ералиеваның өмірден өткеніне 26 жыл
Фото: elana.kz

Бүгін қазақтың «Ақбаяны» Мәдина Ералиеваның өмірден өткеніне 26 жыл Бүгін – қазақтың күміс көмей әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның өмірден өткен күні. Өнер иесі осыдан 26 жыл бұрын, 2000 жылғы 27 қарашада жол апатынан қаза тапты.

Мәдина Ералиева 1954 жылы 2 тамызда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Ол қазақтың халық әндерін нақышына келтіре орындап, ұлттық музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Әнші 1974 жылы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищенің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдаған.

1985 жылдан бастап Алматы облыстық филармониясында жетекші әнші болып қызмет етті. 1990 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Өнер иесі «Ақбаян», «Айқаракөз», «Күрең күз», «Сағым жылдар» сынды әндері арқылы халықтың ықыласына бөленді.

Оның әсем дауысы мен орындаушылық мәнері тыңдарман жадында сақталды. Мәдина Ералиева 46 жасында өмірден өтті. Алайда әншінің артында қалған мол шығармашылық мұрасы мен әсем әндері әлі күнге дейін халық арасында орындалып келеді.