Атырауда әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» лақап атымен танылған 32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.
Жазба авторының мәліметінше, Жаңбырбаевқа қатысты сот процесі аяқталып, оған алаяқтық бабы бойынша айып тағылған.
Тергеу деректеріне сәйкес, оның 12 жәбірленушіге 14 миллион теңгеден астам қарызы болған. Сот отырысында сотталушы 12 миллион теңгені қайтарғанын айтқан.
Судья Эльмира Ойқұлова жаза тағайындау кезінде келтірілген шығынның өтелуін және сотталушыға түзелуге мүмкіндік беруді ескергенін мәлімдеген. Осы мән-жайларды ескере отырып, сот Нұрлан Жаңбырбаевты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарған. Ол жазасын пробациялық бақылауда өтейді.