Кәсіпкер Арайлым Алтынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол «Самса фуд» кәсіпорнының жұмысын ресми түрде тоқтатқанын хабарлады, деп хабарлайды paryz.kz.
Кәсіпкер Арайлым Алтынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол «Самса фуд» кәсіпорнының жұмысын ресми түрде тоқтатқанын хабарлады.
Кәсіпкер өз жазбасында жіберген қателіктерін мойындап, кәсіп жүргізудің оңай емес екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл жағдайдан сабақ алғанын жеткізді.
«Самса фуд» ресми түрде жұмысын тоқтатты. Қазір үйде отбасымның, балаларымның жанындамын. Болашақта кәсіпке басқаша келемін деп ойлаймын. Білім алып, біліктілігімді арттырып, жаңа көзқараспен ораламын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар Арайлым Алтынбекқызы журналистермен болған жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, сол кезде эмоцияға беріліп, ашуын тежей алмаған. Кәсіпкер бұған эмоционалдық және моральдық қысым әсер еткенін айтты.
«Мен эмоциялық және моральдық қысымға түстім. Сол қысымның кесірінен эмоцияға, ашуға ерік бергенімді мойындаймын. Сол үшін кешірім сұраймын», – деді ол.
Кәсіпкер журналистермен болған оқиғаның жағдайды одан әрі ушықтырғанын айтып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен де кешірім өтінді.
Сондай-ақ болған жағдайға байланысты сұхбаттасып, қателіктерін көрсеткен барлық адамға алғысын білдірді. Арайлым Алтынбекқызы алдағы уақытта білім алып, тәжірибе жинақтап, кәсіпке жаңаша көзқараспен оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді.