Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Астанада алып сәби дүниеге келді

Астанада салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Ұл баланың бойы да ұзын. Ата-анасы оған Нұрәлі деп есім берген. Дәрігерлер мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін айтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада алып сәби дүниеге келді
Фото: pixabay

Сәбидің салмағы 6 жарым келі, бойы 64 сантиметр. Нұрәлі есімді алып сәби Астананың қалалық перинаталдық орталығында дүниеге келді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

"Баламның суы нашарлау болды, жүрек соғысы да нашарлау болды. Сонымен экстренно докторлар операция жасап алды. Шүкір жақсы. +Жақсы өтті. Докторларға, осы роддомның медбикелеріне алғыс айтамын", - дейді сәбидің анасы Жұлдыз Әбдікәрімова.

Әдетте жаңа туған нәрестенің салмағы 3-4 келі шамасында болады. Ал Нұрәлі одан әлдеқайда ірі. Сондықтан дәрігерлер ана мен баланың қауіпсіздігі үшін табиғи жолмен босандырудан бас тартқан. Мамандар өзара кеңесіп, операция жасау туралы шешім қабылдаған.