Астанада тұрғын ауданның бірінде жарықтың жиі сөнетініне наразы әйел әкімдікке баласын көтеріп келіп, шағымын айтты. Ол ғимараттың іші жарық екенін көріп, электр энергиясының неге тұрғын үйлерде жиі өшетінін сұраған, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде тараған кадрларда әйел елорданың Сарайшық ауданындағы Өндіріс тұрғын алабында жарықтың жиі сөнетінін айтып, әкімдік қызметкерлеріне наразылығын білдірген.
Оның айтуынша, ғимаратта жарықтың жанып тұрғанын көргенде, мұның әкімнің осында болуына байланысты екенін болжап, эмоцияға берілген.
Ал әкімдік қызметкерлері әйелден нақты мекенжайын атауды сұраған. Алайда ол электр жарығының тұрақты өшетініне қатысты шағымын жалғастырған.