"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Райымбек Баталов Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
Мұны президенттің баспасөз қызметі растады.
Өткен аптада ол "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қызметінен кетті. Райымбек Баталов 1970 жылдың 21 қарашасында Алматыда дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын "құрылыс инженері" мамандығы бойынша бітірген. Баталов Forbes ақпараты бойынша Қазақстанның ең ауқатты бизнесмендерінің қатарында тұр.