Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Ақтөбеде отбасылы ер адам оқушы ұлмен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Ақтөбеде отбасылы ер адам оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбеде отбасылы ер адам оқушы ұлмен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Фото: pixabay

Sputnik.kz мәліметінше, оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Ересек ер адам оқушы ұлмен әлеуметтік желіде танысқан. Хат алмасу кезінде ол өзінің нақты жасын жасырған.

Уақыт өте келе қарым-қатынас жеке кездесулерге ұласқан. Жақын қарым-қатынастан кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болған. 

Оқушыдан ауыр инфекция анықталып, ауруханаға жатқызылған. Қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттерінен кейін процестік шешім қабылданады", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінде.