Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы өлі «НемолчиKZ» қоры мәлімдеді. Қорға марқұм әйелдің туыстары көмек сұрап жүгінген.
«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген желідегі жазбада.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің артында екі жасар егіз балалары қалған.
«26 шілде күні күні сіңілім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңілім маған осының бәрін айтып берді. Егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.