Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қатысты жолаушының құқыққа қайшы әрекет жасалғанын әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған.
Жарияланған бейнежазбада ер адамның көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны көрінеді.
Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы — Данияр Ахметов анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.
Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.