Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Алматыда ойыншық тапанша ұстаған жүргізуші ұсталды

Алматыда жол үстінде тапаншаға ұқсас затты көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды. Тексеру барысында тапаншаның ойыншық екені белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда ойыншық тапанша ұстаған жүргізуші ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгісіз адамның сыртқы көрінісі атыс қаруына ұқсас затты көрсетіп тұрған бейнежазбасы анықталған.

 "Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аталған азаматтың жеке басын анықтап, оны ұстап, полицияға жеткізді. Тексеру барысында бейнежазбада көрсетілген заттың ойыншық тапанша екені және атыс қаруына жатпайтыны анықталды", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Сонымен қатар оған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша да әкімшілік іс қозғалған.

"Қоғамдық орындарда сыртқы көрінісі қаруға ұқсас заттарды, тіпті олар ойыншық болған жағдайда да, көрсетуге жол берілмейді. Мұндай әрекеттер азаматтар арасында дүрбелең туғызып, полиция тарапынан жедел әрекет етуді талап етеді", - деп ескертеді Алматы полициясы.