Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Павлодарда көлікті есігін ашып жүргізгендер ұсталды

Павлодарда жолаушылар жолда қауіпті қозғалыс жасаған, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодарда көлікті есігін ашып жүргізгендер ұсталды
Фото: istockphoto

Дәл қала ортасында жүріп бара жатқан көліктің есігін ашып, денесін сыртқа шығарғандардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Көлік жүргізушісі де, ережені бұзған жолаушылар да жауапқа тартылды.

"Полиция жүргізушінің кім екенін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны жүргізуші де, жолаушылар да жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды", - дейді Павдолар облысының полиция департаментінде.