Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Астанада кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Күдікті ретінде Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған paryz.kz.

Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
Фото: nur.kz

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

"Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді Қанат Нұрмағамбетов.