Шымкенттегі Асқаров және Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адам мәйіті табылды.Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Пәтерде өрттен кейін табылған ер адамның өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген Полиция хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады.