Прямой эфир
Астана
25.77°C
Алматы қаласының №5571 әскери бөлімінде көз жұмған Алмас Шахимовтың өліміне кінәлі деп айыпталған взвод командирі Дәурен Байызбековке сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Әскерге барғанына небәрі екі ай болған Алмас Шахимов армияда қайтыс болды. Бүгін үш жылға созылған қылмыстық іске сот нүкте қойды.
Айыпталушы - взвод командирі Дәурен Байызбеков. Ол Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлімі "Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға соғу" бойынша айыпталды. Сот Дәурен Байызбековты осы баппен кінәлі деп тапты. Бірақ қылмыс уақытынан екі жыл өтіп кеткендіктен сотталушыны жазадан босатты.
Ұлттық ұланда қайтыс болған Алмас Шахимов бір отбасының жалғыз ұлы болған. Марқұм сарбаздың отбасы жазаны дұрыс баппен қозғамады деп наразылық білдіріп, сот отырысына қатыспады. Үкімге де риза емес. Журналистердің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Ал айыпталушы Дәурен Байызбеков бұған дейін тағылған айыппен келіспейтінін айтумен болды.
"Мен де бір отбасының жалғыз ұлымын, кәрі әке-шешем бар. Айыбым тірі болғаным ғана", - деген Байызбеков соңғы сөзінде соттан ақтауды сұраған болатын.