Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 29.11.2025 13:09 Обновлять, 01.12.2025 14:26

Алматыда аулада жүрген бүлдіршінді теуіп құлатқан ер адам қамауға алынды

Алматыда аулада жүрген бүлдіршінді теуіп құлатқан ер адам қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда аулада жүрген бүлдіршінді теуіп құлатқан ер адам қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында кіші жастағы балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен таралуда. Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полицияның ұстанымы айқын: балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген қалалық ПД хабарламасында