Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістанда сотталушы қашып кетті

Түркістанда сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістанда сотталушы қашып кетті
Polisia.kz

Қазіргі кезде оның жүрген жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды.

 "Биылғы жылдың 23 қазанында медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кетті. Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті шұғыл шаралар атқарылуда", -дейді полицейлер.

Осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды. Соның аясында барлық кінәлі тұлғағаға қатысты қатаң шаралар қабылданады. Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеуді жеке бақылауына алды.

Айта кетері, желіде тараған ақпарат бойынша қашып кеткен қылмыскер алаяқтық және аламдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы пара бергені үшін айыпталған.