Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодарда 7 оқушы өздері жасаған сұйықтыққа күйіп қалды

Павлодар қаласында мектеп оқушылары өздері жасаған сұйықтыққа күйіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарда 7 оқушы өздері жасаған сұйықтыққа күйіп қалды
Фото: istockphoto.com

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға бүгін түскі уақытта №37 орта мектептің футбол алаңында болған. Жасөспірімдер канализациялық құбырды тазартуға арналған "Крот" құралын, "Мохито"сусынын және фольганы қолданған. Осы сұйықтықтан өздері күйіп қалған.

"Жеті бала зардап шекті. Олардың қолы, беті мен көзі күйіп қалған. Ауыр жағдайда түскендер жоқ", - дейді дәрігерлер.

Қауіпті сұйықтық жасаған оқушылардың барлығы 6-сыныпта оқиды. Жетеуі де облыстық ауруханаға жеткізілді.