Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қапшағайда қатты желден көтерілген толқын 32 адамды жағадан алысқа алып кеткен

Қонаев қаласында күн күрт бұзылып, жел тұрған. Салдарынан Қапшағай су қоймасында толқын көтеріліп, демалушыларды қиын жағдайға душар етті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қапшағайда қатты желден көтерілген толқын 32 адамды жағадан алысқа алып кеткен
фото: видеодан скриншот

ТЖМ мәліметінше, Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейген. Салдарынан Қапшағай су қоймасында толқын көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болған.

"Байдаркалар мен китбордтарда серуендеп жүргендерді жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кетті. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмады. Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді", - делінген хабарламада.