Прямая трансляция

Астана

Астана

20.69°C

«Денесі дәретханадан табылды». Назарбаев университетінің жатақханасында көз жұмған қызға қатысты тың дерек шықты

Астана қаласындағы Назарбаев университетінде студент қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесі жатақхананың дәретханасынан табылған.

«Денесі дәретханадан табылды». Назарбаев университетінің жатақханасында көз жұмған қызға қатысты тың дерек шықты
Фото: nu.edu.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, аталған оқиға бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар жұмыс істеуде. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілмек.